БАҚ ӨКІЛДЕРІ АУДАН АХУАЛЫН БАҒАМДАДЫ

3 тамыз күні, Хромтау ауданына Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен облыстың БАҚ өкілдері престур жасады.Аудан әкімінің орынбасары Меткүл Қосымбаева БАҚ өкілдерін ауданда жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды.Алдымен Көктөбе ауылдық округіне ат басын тіреген БАҚ саласының мамандары асыл тұқымды әулиекөл сиырларын өсіріп отырған "Мырза" шаруа қожалығының жұмысын қарады. Мемлекет қолдауымен өз кәсібін дөңгелеткен Қайрат Тауанов қазір үш адамды жұмыспен қамтып отыр. Қожалық иесінің айтуынша күніне 20-30 литр сүт сауылады екен.Содан кейін, Көктау ауылдық округінде болған БАҚ өкілдері ауылда салынып жатқан жолдарды қарап, жаңадан салынып жатқан ауыл әкімдігі мен спорт кешенінің құрылыс алаңдарында болып, жұмыс барысымен танысып, Дөң ауылында халыққа жер телімін беру үшін дайындалып жатқан аумақтағы жұмыстармен танысып, көшелерде төселіп жатқан жолдарды да назардан тыс қалдырмады.Сонымен қатар, аудан басшысы Нағымжан Алдияров БАҚ мамандарына брифинг өткізіп, аудандағы эпиахуал және жүзеге асырылып жатқан нақты жұмыстар туралы айтты.Сондай-ақ, аудан орталығы Хромтау шаһарындағы көпқабатты үйлердің алдындағы тас жол төсеу жұмыстары мен #6 Хромтау гимназиясының кезекші сыныптарды оқытуға деген дайындықтарын көрді.Ауданда жасалып жатқан жұмыстарды БАҚ саласының мамандары жоғары бағалады.