АУДАН БАСШЫСЫ БҰҚАРАНЫҢ БАЗЫНАСЫН ТЫҢДАДЫ

4 қыркүйек күні "Nur Otan" партиясының Хромтау аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нағымжан Алдияров бас партияның аудандық филиалы ғимаратында тұрғындарға қабылдау өткізіп, бұқараның базынасын тыңдап, түйінді мәселелердің шешімін айтты.Аудан басшысының қабылдауында ауданның 11 тұрғыны болды.  Оның ішінде 4 тұрғын үй мәселесін көтерсе,  1 адам үй кезегін,  1 адам көгілдір отын бойынша құжаттарын қалпына келтіруге жәрдем беруді сұрады.  Сонымен қатар,  5 тұрғын бір мәселемен жүгінді.Аудан басшысы Нағымжан Алдияров көтерілген мәселелер бойынша жауапты орынбасарлары мен тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.