ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

4 қыркүйек, жұма күні аудан басшысы Нағымжан Алдияров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліне барып қызметкерлерге жаңа басшыны таныстырды.Аудан әкімінің өкімімен бұл қызметке Ұлан Жаналин тағайындалды.Жаналин Ұлан Мубаракұлы өзінің еңбек жолын банк саласынан бастаған.14.12.2017-01.10.2018жж  «Біріңғай жинақтаушы зейнатақы қоры» АҚ, операциялар департаментінің қызмет көрсету орталығының бастығы болып еңбек етті.13.12.2018-03.06.2020жж  Бөгетсай ауылдық округінің әкімі лауазымында қызмет жасады.04.06.2020 жылдан бастап, жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін «Хромтау қаласы әкімінің аппараты» ММ құрылымдық бөлімшесінің басшысы болып жұмыс жасады.