АЙДАРЛЫАША ІШКІ ТУРИЗІМДІ ДАМЫТАТЫН ОРЫНҒА АЙНАЛАДЫ

5 қыркүйек, сенбі күні ауданға арнайы ат басын тіреген Бас ғылыми қызметкер, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жәкен Таймағамбетов  пен Заң ғылымдарының докторы, профессор Куатжан Уалиев Ақжар ауылдық округінің аумағындағы теңдессіз табиғи, тарихи ескерткіш Айдарлыаша геологиялық қимасында болып, тұмса тарихқа толы ғажайып мекеннің ішкі туризімді дамытатын орынға айналатынына сенім білдірді.Айдарлыаша – Хромтау ауданының территориясында 350 млн. жыл бұрын өткен карбон кезеңінің соңы мен пермь кезеңінің басындағы ежелгі жануарлар мен өсімдіктердің таңбалары сақталған. Бұл Айдарлыаша геологиялық қимасы, Ақтөбе қаласынан 50 км шақырым жердегі Айдарлыаша өзенінің оң жағындағы жартаста орналасқан. Хромтау ауданының Айдарлыаша бұлағының жағалауын алып жатыр. Айдарлыаша геологиялық жер қабаты көлемі үш гектар, ені 200 метр, ұзындығы 1500 метр болатын жіңішке алқап. 1991 жылы әлем ғалымдары пермь жүйесінің 150-жалдығына, осы кезеңге байланысты барлық геологиялық қималарында экскурсиялар жүргізіп, Айдарлыаша қимасы – жердегі өмірдің дамуы туралы, карбон және пермь дәуірлерінен толық мағлұмат беретінін атап айтқан. 1996 жылы дүние жүзі халықтарының Қытайда өткен халықаралық геологиялық конгресінде Айдарлыаша қимасы карбон мен пермь кезеңдерінің сақталған теңдесі жоқ орын деп танылған. Осы конгресте Айдарлыаша қимасына халықаралық геологиялық ескерткіш дәрежесі берілген.