ЖЕКСЕНБІДЕГІ СЕНБІЛІК

6 қыркүйек, жексенбі күні Дөң ауылының азаматтары сенбілікке шығып, ауыл тазалығына атсалысты.Қоршаған ортаға немқұрайлы қарамайтын ауыл Қанат Бибиталин, Қанат Қосантаев, Аслан Алмат, Алмат Изтлеуов сынды азаматтар сенбілікке шығып, ауылдастарына үлгі көрсетті.Сонымен қатар, Жанабай Аязбаев, Рустем Баспаков арнайы техникалар беріп, 4 рейс қоқысты арнайы орынға шығарды.Ауыл әкімдігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған сенбілік жұмыстары алдағы уақыттада тұрақты түрде жалғасатынын айтқан ауыл әкімі Ербол Аккулов ауыл азаматтарының ауызбіршілігіне алғысын білдірді.