НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЛАЛАР!!!

Ағымдағы жылдың 2-12 қыркүйек аралығында Хромтау ауданы аумағында "Назар аударыңыз, балалар!" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде."Назар аударыңыз, балалар!" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Хромтау ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге мектептердегі кезекші сыныптарының оқушыларына, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жол жүру қауіпсіздігін сақтау жөнінде тәрбие сағаттарын өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.