ПӘТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ

«Пәтер қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 854 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс аумағында «Пәтер қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.Аймақта өткізіліп жатқан «Пәтер қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2-8 қыркүйегі Хромтау ауданында ұйымдастырылып, шаһардағы пәтерлер мен тұрғын үйлерден тұрғындардың жеке мүліктерін ұрлаудың алдын алу, жолын кесу және оған қарсы тұру мақсатында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарында жеке күзет операторлары басшыларымен, жеке меншік пәтер иелері кооперативі, кондаминиум, «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерімен бірігіп, пәтер және үй иелеріне күзетші немесе бейнебақылау және күзет дабылын орнату туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.Жергілікті полиция қызметінің бөліністері күзет дабылы бар пәтерлер мен үйлердің қауіпсіздігін жүзеге асыратын жеке күзет операторларымен бірлесіп, бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде ұрлықтардың жолын кесу үшін азаматтардың мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.